Украина Донбасстағы блокаданың салдарынан, жалпы ішкі өнімнің 1,5% жуығын жоғалтып алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Киевтің бақылауында емес аймақтар істері жөніндегі министрдің орынбасары Юрий Грымчакқа сілтеме жасап.
Бұған дейін, Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсман Донбасстағы блокадада Украина ЖІӨ 1% өсімін және бірқатар шикізат активтерін жоғалтқанын хабарлаған.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Украина билігі мен ЛХР және ДХР арасында әскери операция басталған. БҰҰ мәліметіне сай, шиеленістің салдарынан 10 мың адам көз жұмды.
Пікір қалдыру