Катар мемлекеті әлемнің 80 мемлекетінің азаматтарына виза режимін жеңілдетуге келісті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Олардың қатарына Қазақстан, Үндістан, Ресей және Қытай елдері кіреді.
Қазақстан азаматтары Катар жартыаралына 30 күндік визамен кіре алады. Үстіне қосымша 30 күн қосылуы мүмкін. Қалған 33 мемлекеттің, Германия, Франция, Түркия елдерінің азаматтары Катар елдеріне 180 күндік визамен кіре алады. Оларға тағы 90 күн қосу мүмкіндігі берілген.
Терроризмді қолдады деген айып тағылған Катар осындай әдіс арқылы туристерді тартпақ.
Туризм департаментінің басшысы Хасан әл-Ибрагимнің айтуынша, Доха қаласы Катардың мәдениетімен, табиғи байлығымен танысып, жартыарал эмираты жайында тереңірек білгісі келген туристерін қуана қабылдайды.
Катардың лауазымды шенеунігі мемлекеттің визалық саясатын одан әрі жетілдіру жоспарда екенін мәлімдеді.
Бұдан бұрын айлық визалардың бағасы 30 АҚШ доллары шамасында болған.
Пікір қалдыру