2015-2019 жж. «Нұрлы жол» бағдарламасы қалай іске асып жатыр?

/uploads/thumbnail/20170810102902188_small.jpg

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының негізгі жобалары республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциясы болып табылады.

Жалпы қолданыстағы Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының ұзақтығы 96,5 мың шақырымды құрайды (соның ішінде республикалық желі – 23,7 мың шақырым, жергілікті желі  – 72,8 мың шақырым).

Жүргізілген жұмыстар

Жалпы, 2010 жылдан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 5 мың шақырымында реконструкция және күрделі жөндеу жүргізілді.

Нәтижесінде қазір республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 85 %-ы (2014 жылы – 84 %) және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 65 %-ы  (2015 жылы – 68 %) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Жалпы, 2015-2016 жылдарда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша I және II-техникалық категориялы 1,3 мың шақырым автожол реконструкцияланды.

2015-2016 жылдары автожол жобаларын орындауға 616 млрд. теңге, оның – 329 млрд. теңгесі Ұлттық қордан бөлінді.

Бөлінген қаражат толық игерілді және 9 жоба іске асырылды: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Алматы - Өскемен, Астана – Петропавл, Жезқазған – Петропавл, Ақтөбе – Атырау және Орал – Каменка.

Жалпы жол-құрылыс жұмыстарымен Қазақстанның 12 аймағындағы 2 мың км қамтылды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзитті дәлізі, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Қапшағай – Балпық би, Бейнеу – Шетпе және Көкшетау – Петропавл учаскелері бойынша қозғалыс толық ашылды. Сонымен қатар, Павлодар қаласына Ертіс өз. арқылы өтетін ұзақтығы 12 шақырымды құрайтын Орталық Азиядағы ең ірі көпір өткелінің құрылысы аяқталды.

Биылғы жылы автожолдар реконструкциясына 356,2 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 143,5 млрд. теңге бөлінді.

Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау,Ақтөбе – Атырау, Қапшағай – Талдықорған, Астана – Петропавл, Орал –Каменка жобаларында құрылыс жұмыстары жалғасты. Олардың жалпы ұзындығы – 1,2 мың шақырым. Бірінші жартыжылдықта осы жобааларда жүргізіліп отырған құрылыс-монтаждық жұмыстардың жылдық мөлшерінің 32%-ы орындалды. Жыл қорытындысы бойынша 602 шақырым жол құрылысын аяқтау жоспарланған, оның ішінде Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолдары құрылысы толығымен аяқталады.

Сондай-ақ жалпы ұзақтығы 2,5 мың шақырымды құрайтын Қандыағаш - Мақат, Жетібай - Жаңаөзен, Құрты - Бурылбайтал, Талдықорған - Өскемен, Меркі - Бурылбайтал, Қалбатау - Майқапшағай, Үшарал - Достық, Бейнеу - Ақжігіт, Таскескен - Бақты, Осиновски асуы, Щучинск - Зеренді жаңа жобаларды іске асыруды бастадық.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Ақтөбе - Қандыағаш, Атырау - Астрахань, Ұзынағаш - Отар, Астананың Оңтүстік - Батыс айналма жолын және жалпы ұзақтығы 0,7 шақырым болатын Қостанай - Денисовка жобалары бойынша келісімдерді бекітіп, дайындық жұмыстарын бастау жоспарланған.

Жалпы, құрылыс және реконструкция жұмыстары 4,4 мың шақырым жолда жүргізіліп,  оған 100 мыңнан астам адам жұмылдырылады.

Еліміздің шығысында, Қытай шекарасы маңындағы аумақта «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА (Арнайы Экономикалық аймақтар) базасында 2015 жылы «Құрғақ порттың» және инфрақұрылымның құрылысы аяқталды.

Қытай шекарасындағы екі теміржол өтпесі мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралін технологиялық үйлестіруде Құрғақ порт қуатты көлік-логистикалық хабқа айналды.   Бұл Қытайдан Еуропаға, сондай-ақ Орталық Азия елдері, Түркия және Парсы шығанағы елдеріне жүк ағынын тиімді таратуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрғақ порттың жалпы аумағы 129 гектар, ол логистикалық (224,9 га) және индустриялық (224,4 га) аймақтармен байланыстырылған. Бұл жоба контейнер өңдеу үшін ұтымды шешім болып табылады және кіргізілген тауарларды одан әрі өндірістік өңдеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Құрғақ портты» пайдалануға берілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 150 мың ЖФЭ жүк өңделді.

Бүгінгі күнге «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да 69 қатысушы тіркелді және 200-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Теміржол саласындағы транзиттік әлеуетті арттыру бойынша алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында жалпы ұзақтығы 112,37 шақырым Алматы – Шу учаскесінде екінші жол желісін салу бойынша жоба іске асырылуда.

Осылайша, өткен жылдың желтоқсанында екінші жолдың 53 шақырымын қамтитын жобаның бірінші іске қосу кешені іске қосылған. Биылғы желтоқсан айында екінші жолдың 59 шақырымын қамтитын жобаның екінші іске қосу кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін тәулігіне 17-ден 68 жұп пойызға дейін ұлғайтуға және пойыздардың жолда жүру уақытын 1,5 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында Құрық портының паромдық кешенін теміржолмен қосатын құрылысы аяқталды.

2016 жылдың желтоқсанында Құрық портында қуаттылығы 4 млн. тонна болатын теміржол паромдық кешені іске қосылды. Бүгінгі таңда 420 мың тонна жүк ауыстырып тиелді. Биылғы жылдың соңына дейін аталған терминал арқылы шамамен 1 млн. тонна жүктің ауыстырылып тиелуі жоспарланып отыр.

Биыл қуаттылығы 2 млн. тонна болатын паромдық кешенін автомобиль жолымен қосатын құрылысы басталды. Жобаның құны 67 млрд. теңге, оны 2018 жылы аяқтау жоспарлануда. Аталған мақсаттарға биыл 50 млрд. теңге бөлінді, қазіргі таңда оның 15 млрд. теңгесі игерілді.

Жалпы алғанда, 2020 жылға қарай теңіз порттарының қуаттылығын 26 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 Биылғы жылдың 31 мамырында Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді. Оның аумағы 47 000 м2 құрайды. Жиынтық өткізу қабілеті –жылына 8,2 млн жолаушы немесе 2525 жол/ сағ құрайтын болады.

Пайдалануға берілген сәттен бастап 19 шетелдік әуе тасымалдаушысының («LOTPolish Airlines», «WizzAir», «FinnAir», «Air China», «Lufthansa», «Air Arabia» жәнет.б). халықаралық рейстеріне қызмет көрсетіледі.

2017 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде транзиттік ұшу 2016 жылдың (81,3 млн. сам-км) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артып, 83,8 млн. сам-км өскені байқалады.

«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезеңінде барлық шетелдік әуе тасымалдаушылар үшін Астанаға аптасына 7 рейске дейін орындау құқығы берілді.

2017 жылдың басынан бастап шетелдік және қазақстандық әуе компаниялар Астанадан Делиге, Варшаваға, Хелсинкіге, Будапешке, Бейжіңге, Ереванға, Киевке, Батумиге, Минералные воды мен Сианьға, жалпы 10 жаңа халықаралық әуе бағытын ашты.

Қазіргі уақытта 96 халықаралық бағыт бар.             

Семей қаласы әуежайның аэровокзалы мен жермен жүру жолдарын, ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

2020 жылға дейін Қостанай мен Өскемен қалалары әуежайының ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау жоспарлануда.       

Инвестициялық жобалар

«Нұрлы-Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500кВ ӘЖ-сін салу» инвестициялық жобасы бойынша ақпарат  

500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу

«500кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасын іске асырудың мақсаты Солтүстік-Шығыс қимасында желілердің өткізу қабілетін арттыру, Ресей БЭЖ желісі арқылы электр энергиясы транзитіне қарамастан Шығыс Қазақстан облысының тапшылықтарын жабуды қамтамасыз ету, контрреттеуіш Бұлақ ГЭС-ін ендірген кезде Шүлбі ГЭС-інен (ШГЭС) толық қуат беруді қамтамасыз ету болып табылады.    

Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2017 жж.

Жобаның құны – ҚҚС-ны есепке алғанда 53,3 млрд. теңге. Жоба толығымен компанияның қаражаты есебінен қаржыландырылады.  

Жобаның сипаттамасы

- 500 кВ Екібастұз - Семей ӘЖ-ні салу (405,7 км);

- 500 кВ Семей - Өскемен ӘЖ-ні салу (192,8 км);

- 220 кВ Семей – ШГЭС ӘЖ-ні салу (78,9 км);

- 500 кВ Семей ҚС 220кВ АТҚ-дағы 220 кВ 51 ҚС –18 (13,5 км) ҚС ӘЖ-нің кіріс-шығыс жерлерін салу;

- 500 кВ Семей ҚС 220кВ АТҚ-дағы 220 кВ 18 ҚС – ШГЭС (13,5 км) ӘЖ-нің кіріс-шығыс жерлерін салу;

- 500 кВ Семей ҚС-ны салу;

- 1150 кВ Екібастұз ҚС-дағы 500кВ АТҚ-ны кеңейту;

- 500 кВ Өскемен ҚС-дағы 500 кВ АТҚ-ны кеңейту;

- 220 кВ Шүлбі ГЭС (ШГЭС) АТҚ-ны кеңейту.

Жобаның ағымдағы дәрежесі:

Қазіргі уақытта жобаның барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары табысты аяқталды. Жалпы ұзындығы 598,5 шақырымды құрайтын 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісі мен 500кВ «Семей» ҚС-ға кіретін, жалпы ұзындығы 106 шақырымды құрайтын 220 кВ «Семей-Шүлбі» желісі салынды. Сонымен қатар 500 кВ «Семей» ҚС, 500 кВ «Өскемен» ҚС, 1150 кВ «Екібастұз» ҚС мен 220 кВ «Шүлбі ГЭС» қосалқы станцияларында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Салынып біткен жұмыстар «Индустриалдандыру күні» шеңберінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген жалпы ұлттық телекөпір кезінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда іске қосылды.  

Бұл ретте жобаның бірінші кезеңі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған мерзімнен бұрын жұмыс кестесінен ерте 2016 жылы аяқталды.  

500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай -Талдықорған – Алма ӘЖ-ні салу

Жобаны іске асыру Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы ҰЭТ транзиттік әлеуетін арттыруға, теміржолдардағы, тау-кен кәсіпорынының энергияны көп қажет ететін объектілеріндегі электрлендірілетін учаскелерддің  электр энергиясына деген қажеттіліктерін жабуды қамтамасыз етуге, шекара маңындағы аумақтарды дамыту үшін жағдай жасауға және жаңартылатын энергия әлеуетін ауқымды игеруге, сонымен қатар Шығыс аймақтың Қазақстанның біртұтас электр жүйесімен байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.     

Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2018 жж.

Жобаның құны – ҚҚС-ны есепке алғанда 105,5 млрд. теңге. Жоба меншік қаражаты және «KEGOC» АҚ купондық облигацияларын сату арқылы, БЗЖҚ-дан алынған 47,5 млрд. теңге сомасындағы қаражат есебінен қаржыландырылады.   

Жобаның сипаттамасы

- 500 кВ Семей -Ақтоғай ӘЖ-ні салу (390,8 км);

- 500 кВ Ақтоғай–Талдықорған ӘЖ-ні салу (287,4 км);

- 500 кВ Талдықорған-Алма ӘЖ-ні салу (203,8 км);

- 500 кВ Талдықорған ҚС 220 кВ ӘЖ кіріс-шығыс жерлерін салу,(183,9 км);

- 500 кВ Ақтоғай ҚС-ны салу;

- 500 кВ Талдықорған ҚС-ны салу;

- 500 кВ Алма ҚС-ны салу;

- 500 кВ Семей ҚС-ны кеңейту.

Жобаның ағымдағы дәрежесі:

Жобаның екінші кезеңі – 500 кВ Шүлбі  ГЭС (Семей) -  Ақтоғай -  Талдықорған -  Алма желісін салуды іске асыру – жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.    

Қазіргі уақытта объектінің барлық учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 883 км құрайтын 500кВ желінің 434 км, соның ішінде 2017 жылы 270 км салынды. 

Жоба іске асырыла бастағаннан БЗЖҚ-дан алынған ҚҚС-ны есепке алғанда 45 441,313 млн. теңге сомасындағы, соның ішінде 2017 жылы ҚҚС-ны есепке алғанда 14 809,093 млн. теңге сомасындағы күрделі қаржы салымы игерілді.    

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар