Орталық Коммуникациялар Қызметінде Астана қаласы білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына даярлығына арналған баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оған Астана қаласы Білім басқармасы Басшысының міндетін атқарушы Ануар Жангозин, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Гульжан Айтжанова және Астана қаласы Білім басқармасы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарова қатысты.
Бүгінгі таңда Астана қаласының білім беру жүйесі 422 мекемені қамтиды:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – 264;
- жалпы орта білім беру – 95, Назарбаев Зияткерлік мектептері (3 мектеп), Республикалық физика-математика мектебі;
- техникалық және кәсіптік білім беру – 34;
- арнайы білім беру – 13
- қосымша білім беру - 12.
Қазіргі таңда қалада 264 мектепке дейінгі мекеме қызмет атқарады. Соның ішінде – 97 мемлекеттік, 2 ведомстволық, 116 жекеменшік балабақшалар және 49 шағын орталық.
Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі дайындықпен 70,6 пайызға қамтамасыз етілуде. Бұл былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 5,7% артып отыр. Аталмыш көрсеткіштер өткен жылы жаңадан салынған 440 орынды қамтитын 2 балабақшаның, Ұлттық компаниямен келісімшарт аясында ашылған 240 орынды қамтитын 1 балабақша және 3949 орынды қамтитын 44 жекменшік балабақшалардың ашылуының арқасында ұлғайып отыр.
Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік тапсырыс 15 900 теңгеден 23 000 теңгеге көбейіп, ата-аналар төлемақысы 23 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін азайды. Өз кезегінде бұл кәсіпкерлер үшін жекменшік балабақшалар ашудағы қызуғышылығын артты.
Биыл 480 орынды қамтитын 2 мемлекеттік балабақша, Ұлттық компаниялармен орнатылған келісімшарт негізінде салынған 720 орындықамтитын үш балабақшанының тапсырылуы жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шегінде 2019 жылы тапсырылатын 1680 орынды қамтитын 6 балабақшаның құрылысы іске асырылуда.
Сонымен қатар қалалық кәсіпкерлер үшін жүйелі түрде ашық есік күндері ұйымдастырылады. 2017 жылы 5 мыңнан астам орынды қамтитын мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшалардың ашылуы жоспарланып отыр. Жыл сайын шамамен 8 000 орынды қамтитын балабақшаларды ашу көзделеді. Осылайша 2019 жылдың соңына дейін балаларды мектепке дейінгі дайындықпен 100 пайызға қамтамасыз ету жоспары жүзеге асырылмақ.
Елордамызда бүгінгі таңда 95 жалпы орта білім беретін мектептер бар. Оның 84-і мемлекеттік болса, 11 жекеменшік болып саналады.
Жаңа 2017-2018 оқу жылында бірінші сыныпқа келетін балалар саны 23 мың адамды құрайды. Өз кезегінде бұл болжам бойынша оқу орындарының тапшылығын көздейді.
Бұл мәселесі шешу мақсатында 2017-2018 оқу жылының басына қарай қалалық 5 мектепке қосымша құрылыс жанамалары салынып отыр. Қазіргі уақытта 10 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның алтауы бүгінгі таңда іске асырылып, қалған төртеуінің құрылысы жылдың аяғына дейін басталмақ.
Өткен оқу жылында оқу үрдісін ұйымдастыру барысында қалалық мектептердің барлық бірінші сыныптары (19132 оқушы, 683 сынып) жаңартылған білім беру мазмұнына көшті.
2017-2018 оқы жылында 1,2,5,7 сыныптар жаңартьылған бағдарлама бойынша оқиды, онда 4149 мұғалім сабақ беретін болады. Олардың 3122 (75%) мұғалімі курстардан өтті. 2017 жылдың соңына дейін жаңартылған бағдарлама бойынша 156 бастауыш сынып мұғалімі және 787 пән мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Мектептерде жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде беру көзделген (99 мұғалім сабақ береді), сонымен қатар 25 мектепте көптілділік оқыту технологиясы сәтті енгізіліп отыр (қазақ, орыс және ағылшын тілінде сабақ беру). 19 мектепте 2 шетелдік тілде сабақ беру жүзеге асып отыр.
Оқушыларды сапалы оқулықтармен толығымен қамтамасыз ету тапсырмасы жүзеге асырылып отыр. Оқушылар арасында ағылшын тілі дағдыларын дамыту мақсатында мектеп кітапханалары алғаш рет қосымша әдебиетпен қамтамасыз етіледі.
Мектептердің барлығы 100 пайыз интернет желісіне қосылған. Биыл 46 мектепте робототехника кабинеттері ашылатын болады.
Қазіргі таңда 34 колледжде (12-мемлекеттік, 22 - жекеменшік) 66 мамандық пен 113 квалификация бойынша білім беру көзделген. Астана қаласы бойынша тезникалық және кәсіптік біліммен 26 262 адам қамтамасыз етілуде. Бұл 15-20 жас аралығындағы жастар.
2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы аясында 4757 адам қамтамасыз етіледі. 18 колледжде Білім басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы мен жұмыс берушілер арасындағы келісімшарт шегінде дуалды оқыту мен жұмыс орындарында тәжірибе алу қарастырылған. Жаңа оқу жылында тағы тоғыз колледж негізінде енгізу жоспарда бар. 1000-нан астам студент дуалды оқытумен қамтамасыз етілген.
Білім мекемелерінде ашықтық саясатын орнату мақсатында мектептерде Қамқоршылық кеңестер құрылды. Қалалық ата-аналар мен қалалық мұғалімдер қауымдастығының кеңестері өз жұмысын бастайды.
Сәуір айында Астана қаласында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптары енгізілді. Форма түсі - қою көк, классикалық үлгіде. Бір түсті мектеп формасына кезең-кезеңімен көшу жоспарланып отыр.
Соңғы үш жыл аясында 14 ғимараттың күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Қалған мекемелерде ағымдағы мәселелрді шешу мақсатында ремонттық жұмыстар жүргізілді. Тамыз айының 20 жұлдызына дейін барлық мекемелер жылыту маусымына даяр болады.
Пікір қалдыру