Канадада шекараны заңсыз өтуші мигранттар үшін лагерь салынып жатыр

/uploads/thumbnail/20170810154056125_small.jpg

Канада әскерилері АҚШ территориясы жанында лагерь салып жатыр. Канада-америкалық шекарадағы заңсыз  келушілер ағыны көбейіп кеткендіктен салынып жатқан лагерь 500-ге дейінгі адамды қабылдай алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Сен-Бернар-де-Лаколь қаласында орналасқан лагерьдің құрылысына бірнеше күн кетеді. Канадалық БАҚ-тың мәліметінше,  соңғы апталарда шекараны заңсыз кесіп өтушілер мен баспана іздеген адамдар саны көбейіп проблемалық жағдай орнаған. Мигранттардың көпшілігі Гаити азаматтары.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар