Әбілязовтың сыбайласы өз еркімен Қазақстанға оралды

/uploads/thumbnail/20170810173653118_small.jpg

24 шілде күні Венгрияның Будапешт қаласынан Қазақстанға Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы Қадесов Ержан оралды. Ол «БТА Банк» АҚ-ның қомақты қаржысына қатысты іске күдіктілердің бірі.

Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюроның баспасөз хатшылығына сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әбілязовтың тұсында Қадесов проблемалық кредиттер мәселесі жөнінде Басқарма басшысының орынбасары қызметінде болған. 2009 жылы оған сырттай айып тағылып, кейіннен оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. 2016 жылдың қаңтарында оның  Будапештте екені анықталып, онда экс-дәстүрлі қамауға алынған. Маусым айында ол Венгрия сот органдары алдында  Қазақстанға өз еркімен оралатынын мәлімдеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар