Сирияның Ракка қаласындағы содырлар толықтай қоршауда қалды

/uploads/thumbnail/20170811145201780_small.jpg

Сирия Ракка лаңкестер күрд жасағы қоршау Сирияның Ракка қаласындағы содырлар толықтай қоршауда қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рейтерс-ке сілтеме беріп.
Оларды «Сирияның демократиялық күштері» қысымға алған. Бұл топ өкілдеріне АҚШ басқаратын халықаралық коалиция  әуеден қолдау көрсетеді. Басым бөлігі күрдтерден тұратын жасақ жауынгерлерінің айтуынша, бүгінде Ракканың орталығында  шамамен 1700-ге жуық содыр бар. Шаһарға  күрд жасағымен қатар Сирия әскері де шабуыл жасады. Биліктің негізгі мақсаты – соңғы бірнеше жыл бойы лаңкестердің бақылауында болған  Дейр-эз Зорды азат ету.

Айта кетейік, Ракка қаласындағы  лаңкестерге қарсы операция шілденің алтысында басталды.

Қатысты Мақалалар