Шетелдік БАҚ-қа шолу: Қазақстан шетелдік баспасөз бетінде

/uploads/thumbnail/20170811144714298_small.jpg

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы жарық көргеннен соң 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Елбасы мақаласында "Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар. ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз." деп атап өтілген болатын. Қазақстанның әлеуеті халықаралық аренада танылып жатыр.

Қазақстан жайлы шетелдік БАҚ өкілдері не жазады? Осы мәселені ескерген Forbes.kz порталы шетелдік баспасөзді бір шолып шықты. Аталмыш портал жинақтаған Қазақстан жайлы сөз қозғаған шетелдік ақпарат агенттіктерінің шолуларын Qamhsy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Шетелдік БАҚ-тың көбіне Қазақстанның экономикасына баса назар аударғаны байқалды.

NG.RU: «Пентагон Қазақстанда антиресейлік шекара желісін жасайды» – Қазақстанда НАТО  және ТМД елдерінің қатысуымен Алматы облысындағы Іле жаттығу полигонында «Дала қыраны – 2017» халықаралық бітімгершілік оқу жаттығуы аяқталды. Аталмыш шара елде 2003 жылдан бері өтіп келеді. Оқу жаттығуының маңызы – онда ресейлік әскери қызметкерлер қатысады. Ал қазақстандық солдаттар мен офицерлердің дайындығы мен оқу жаттығуы «Қазбат» бітімгершілік батальоны аясында Солтүстік атлантикалық стандарттары негізінде өтеді.

INOZPRESS.KG: «Қазақстандық жүзден аса тұтқын рдикализмнен бас тартты» – мамандардың пікірінше, тұтқындар мен радикализмді жақтаушыларды қайта оңалту операциясы сәтті өтті.

REGNUM.RU: «Қазақстан: жарқын болашақ үшін елде электроэнергия жете ме?» – Қазақстанда бірнеше жылдан бері импорт, нарық, бензин, газойль салалары бойынша қиындықтар туындап келеді.

«Санаттарға бөлген: Қазақстандық емделушілер жедел-жәрдемді күтпей ме?» – Қазақстанда жедел-жәрдемді шақыру 4 санатқа бөлінді».

RUSSIAN.PEOPLE.COM.CN: «Қытай Қазақстанмен ядролық энергетика саласы бойынша ынтымақтастықты нығайтуды көздейді» – Қытай Қазақстанмен ынтымақтастық орнату барысында серіктестіктің ядролық энергияның барлық өндірісіне қатысты болғанын көздейді.

RUSSIAN.NEWS.CN: «Қытай мен Қазақстан құны $60 млн. болатын ауыл шаруашылық туралы келісімге қол қойды» – 9 тамыз күні «Қазақстан мен Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығы» бизнес-форумы құны құны $60 млн. болатын келісімге қол қойды.

KOMMERSANT.RU: «БАӘ, Ирак, Қазақстан және Малайзия Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының шарттарын жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеді» – Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Қазақстан және Малайзия техникалық ОПЕК+ комитетіне мұнай өндіру саласын қысқарту турасындағы шарттарды орындауға дайын екендерін жеткізді. Аталмыш мемлекеттер «техникалық комитетпен ынтымақтастық орнатуға толыққанды дайын», – делінген ОПЕК мәлімдемесінде.

GEZITTER.ORG: «Жаңа антиресейлік санкциялар: Қазақстанда доллардың бағасы көтерілді» –Ресейге қарсы енгізілген жаңа санкциялар ЕЭО мемлекеттері арасында алаңдауышылық тудырды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім еткендей, антиресейлік санкциялар Қазақстан экономикасына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті елдің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа экономиканы нығайту үшін бірқатар тапсырмалар берді.

IA-CENTR.RU: «Дарья Чижкова. Қазақстан – 2017. Экономика оптимистті болуы керек» – Қазақстан саясатында президент пен үкімет басшысының «жеке» кездесуі өтті. Басшылар арасындағы әңгіме жеңіл әрі позитивті түрде өтті.

BELTA.BY: «Беларусия мен Қазақстанға инновациялық жобаларды бірлесіп зерттеу керек – Ничкасов» – Беларусияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов Астанада өткен баспасөз конференциясында Беларусия мен Қазақстанға бірлесіп инновациялық жобаларды дамытуы тиіс екенін айтты.

Қатысты Мақалалар