Әлеуметтік желіде іші құртқа толы қарбыздардың видеосы кеңінен таралды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Facebook әлеуметтік желісінде таралған мына видеода іші құртқа толған қарбыздарды көрсетіп, мұны адам емес, тіпті, малға да беруге болмайтындығын айтады.
Зертханалардың бірінде түсірілген бұл видеода өзіміздің жерімізде өсірілетін қарбыздардың қандай жағдайда екендігі ашық көрсетілген. Белгілі болғандай, 35 тонна болатын бұл қарбыздар ОҚО Жетісай қаласынан әкелінген екен.
Тексерушілердің айтуынша, мұндай қарбызды жеген адам қандай да бір дертке шалдығары анық. Себебі, мұны адам ғана емес, малға беруге болмайтын көрінеді.
Сонымен қатар, мамандар мұндай қарбыздар еліміздің түкпір-түкпіріне тарап жатқандығы тілге тиек ете отырып: «осылардың біреуін ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік қонақтардың бірі жеп қойса, масқара боламыз», - дейді.