БАҚ: ІІ Елизавета тақтан кететінін мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170814104056042_small.jpg

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета тақты 4 жылдан кейін босататыны белгілі болды. Королева жасы 95-ке толғанда ұлы ханзада Чарльзға мемлекеттің билігін сеніп тапсырмақ, деп хабарлайды qamshy.kz ақпарат агенттігі Mirror мәліметіне сүйеніп.

Қазірдің өзінде 68 жастағы Чарльз ханзадаға биліктің берілетіні жөнінде айтылып, керекті құжаттар әзірленуде.

Айта кетсек,  II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан. Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі — VI Георгтың өлімінен кейін отырды.

Қатысты Мақалалар