«АҚШ үшін Ауғанстан жәй ғана коллония іспетті. Ал американдық биліктің жоспары Ост-Индия компаниясы секілді» деді Ауғанстандағы РФ елшісі Замир Кабулов «Известия» басылымына берген сұхбатында деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Жақында USA Today басылымы Ақ үй Ауғанстандағы АҚШ-тың әрекеттерін жеке жалдаушыларға өткізу жоспары бар екені туралы жазған. Басылым мәліметтеріне сәйкес, бұл жоспар Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберта Макмастер мен қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің қауіптенуіне қарамастан жүзеге асу үстінде.
Blackwater әскери компаниясының негізін қалаушы Эрика Принстің болжауынша, Ауғанстан әскери күшін 5,5 мың арнайы қызметкерлері жаттықтыратын болады.
«Мәскеу ешқашан АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығаруға асыққан емес. Алайда АҚШ әскерінің қолынан қазір ештеңе келмейтіндіктен Ауғанстаннан шығуы керек. Ауғанстандағы американдық кампания істен шықты. Ауғанстан халықаралық терроризмнің әлемдік инкубаторына айналып кетуі мүмкін»-деді Кабулов.