Солтүстік Корея билігі Пхеньянға біріккен отырыс құру мақсатында елшілерін жинады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Солтүстік Кореяда елшілерді Пхеньянға шақыртқан соң, шетел дипломаттары жетекшілерінің кездесуі болуы мүмкін», – дейді шенеуніктердің бірі.
Кездесуге ҚХДР-дың Қытайдағы елшісі Ли Чжэ Рен, Ресейдегі елшісі Ким Хен Чжун, БҰҰ аясындағы ел өкілі Ча Сон Нам келген. Алайда кездесуге нақты қанша дипломат қатысатыны жайында деректер жоқ. Оңтүсік Корея Әділет министрлігінің баспасөз хатшылығы Солтүстік Кореяда елшілер жиынын жиі өткізіп тұратындығын жеткізген. Соңғы рет Пхеньян әлемдегі барлық елшілер жиынын 2015 жылы өткізген.