Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кездесу өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында басты назар ЕЭО күн тәртібіндегі жүзеге асырылуы тиіс бағыттар, сауданың электроэнергияда пайдаланылуы мен бақылануы мәселесіне аударылады.
Сонымен қоса, үкімет басшылары отырысында ЕЭО пен Ислам Республикасы Иран арасындағы еркін саудаға жол ашатын уақытша келісімнің қорытындысы жөнінде баяндама тыңдалады. Иранмен келісімге келу арқылы өнімді тауар нарығына шығару мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.
Күн тәртібіндегі ең маңызды пункт ЕЭО мүше мемлекеттердің біріне берілетін ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерін тану мәселесі болмақ.
Қазақстандық тараптың бастамасымен ЕЭО мүше мемлекеттерінің экcпорттаушыларына РФ инфрақұрылым теңіз порттарының қызметіне қол жеткізуге мүмкіндік беру мәселесі қаралады.