ҰҚК-де қазақстандық шекарашыларға шабуылдағандар туралы айтып берді

/uploads/thumbnail/20170814124307219_small.jpg

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында атыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соның нәтижесінде шабуылдаушылардың бірі жараланды. Белгілі болғандай ол – Қазақстан азаматы.

«Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болғандар – Қазақстан азаматтары. Көз жұмған адам да  –Қазақстан азаматы» деп «Информбюро»-ға ведомства баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚК-да заң бұзушылардың Қырғызстан территориясына кіруге талпынғаны айтылады.

Оқиға 12 тамызда Жамбыл облысындағы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында болған. 15 адам шекарадан заңсыз өтуге талпынған. Олардың кім екені әлі анықталған жоқ. Заң бұзушылар шекарашылардың ескертуін тыңдамаған. Сондықтан олар атуға мәжбүр болды.

«Атыстың нәтижесінде шабуылдаушылардың бірі жараланды. Қалғандары жаралы адамды көтеріп, Қазақстандағы жақын маңдағы ауылға қашып кеткен. Жараланған адамның көз жұмғаны белгілі болды» делінген хабарламада.

Қазір басқа да заң бұзушылар іздестірілуде.

 

 

Қатысты Мақалалар