Барселонада 12 тамыз күні жергілікті тұрғындар туристер арасында танымал Барселонета жағажайында туристерге қарсы наразылық білдірді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Аталмыш ауданда туристерге барлық жағдай жасалған көптеген қонақ үйлер мен жалға берілетін пәтерлер бар. Наразылық кезінде жергілікті тұрғындар туристердің жүріс-тұрысына көңілдері толмайтынын жеткізді және туристердің кесірінен пәтер ақысының қымбаттауын тілге тиек етті.
Жарты жылда Испания шетелдік туристердің көп баратын мемлекеттер арасында көшті бастап тұр. Жарты жылда Испанияға 36 миллион адам барған.