Орыс баласы: Қазақ тілін білмейтін қазақтарға «Ұят-ай» деймін

/uploads/thumbnail/20170814131926427_small.jpg

Әлеуметтік желіде таралған мына видеодағы екі балақайдың іс-әрекетіне жұрт сүйсіне қарап, түрліше пікір білдіруде деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Фараби есімді мектеп оқушысы орыс тілін үйрену мақсатында өзінің көршісі Артем деген баламен дос болған. Алайда, уақыт өте келе жағдай мүлдем басқаша болған. Орысша үйренемін деп жүрген Фараби өзінің досы Артемға қазақша үйретіп, мәселенің басқа шешімін тауыпты.

«Қазақ тілін білмейтін қазақтарға не айтасың?» деген сұраққа Артем: «Қазақ тілін білмейтін қазақтарға «Ұят-ай» деймін», –  деп жауап берген.

Расымен де, кішкентай балақайлардың бұл іс-әрекеті қазіргі таңда ересек адамдардың көпшілігіне, қала берді, билік басында отырған біршама шенді, лауазымды қызметкерлерге үлгі боларлықтай жағдай екен.

"Қазіргі таңда орыс тілін білмесем, өмір сүре алмаймын" деген артық ойды мүлдем ұмытып, мәселеге басқа қырынан қарауды үйренгеніміз жөн секілді.

Қатысты Мақалалар