Назарбаев пен Медведев сауда-экономикалық мәселелерді талқылады

/uploads/thumbnail/20170814132853016_small.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен сауда-экономикалық мәселелерді талқылады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Екі жақты кездесу Астанадағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына дейін өткен.

Медведев пен Назарбаев Ресей мен Қазақстанның арасындағы сауда-экономикалық мәселелерді талқылап, екі жақты ынтымақтастықтың болашағы жайын сөз етті.

Айта кетейік, бүгін Астанада ЕЭО мүше мемлекеттерінің үкімет басшылары кездесті. Кезедесуден бұрын Елбасы барлық қатысушылармен көрісіп, еңбектеріне табыс тіледі.

Қатысты Мақалалар