Аудандық судьяның үйінен 20 миллионды құрайтын затты ұрлаған ұры ұсталды

/uploads/thumbnail/20170814143955584_small.jpg

Полицейлер аудандық судьяның үйінен 20 миллион теңгені құрайтын заттарды ұрлаған Алматы облысы тұрғынын ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 шілде де Қаратал аудандық полиция бөлімшесіне Сарыбұлақ ауылында орналасқан үйде ақша мен әшекейлер ұрланғаны туралы шағым түсті. Белгілі болғандай, шығын 19 343 000 теңгені құрады.

Полицейлер ұрлық болған жерді тексеру барысында ұрының терезе арқылы кіріп, сейфті бұзғаны анықталды. Онда ақша мен әшекей бұйымдар болған.

Қаратал аудандық полиция қызметкерлері ІІД бірлесіп ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы көрші ауданның тұрғынын ұстады.

«Күдікті Текелідегі жалдамалы пәтерде ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу кезінде ұрланған әшекейлер Алматы қаласында екенін айтты», –  деді ІІД-де.

ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

 

 

Қатысты Мақалалар