«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170814173424526_small.jpg

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының 2017 жылғы 8 тамыздағы шешімімен Джаболдинов Асқар Сергеевич «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Джаболдинов Асқар Сергеевич 1981 жылы дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасы аясында ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша Loughborough (Ұлыбритания) университетінің магистратурасын тәмәмдаған.

Менеджмент (қаржыны басқару) мамандығы бойынша Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің түлегі.
Еңбек қызметін 2004 жылы бастаған. Сақтандыру компаниясында жұмыс істеген, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жұмыс тәжірибесі бар.

Әр жылдары ақпараттық технологиялар саласында IT маманы, IT жүйесін сүйемелдеу бойынша департамент директоры, Басқарушы директор – СҚЖМҚ Басқарма мүшесі болып жұмыс істеген.

Соңғы жұмыс орны: Жобалар бойынша басқарушы директор –  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма мүшесі.

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ еншілес ұйымы. Сатып алу мәселесі бойынша Қордың уәкілетті органы болып табылады.

 

Қатысты Мақалалар