Головкинді «әлсіз» деп айтқан МакГрегордың өзі сынға қалды

    Aknur Mukhtarkhan
    Головкинді «әлсіз» деп айтқан МакГрегордың өзі сынға қалды

    Америкалық спорт порталдарының шолушысы Патрик Коннор МакГрегордың қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қатысты сынын күлкілі деп атады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-кесілтеме жасай отырып.

    «МакГрегордың айтқандары күлкілі. Ол Головкиннің жағдайы туралы қалай айта алады, видеоны көріп пе? Мұны біреу шынайы қабылдайды дегенге сенбеймін.

    Головкин – «Канело» жекпе-жегін асыға күтіп жүрмін. Болжам жасау қиын, бірақ, Головкинде мүмкіндік көбірек сияқты. Бәрі нокаут күткенімен, жекпе-жек 12 раунд болатын сияқты. Қалай болса да, уақыт көрсетер, сондықтан бәрі де өзгеріп кетуі мүмкін», –  дейді Коннор.

    Мұның алдында МакГрегор қазақстандық боксшының Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындығын көріп, Головкиннің физикалық жағдайы өте нашар екенін айтқан.

    Өз кезегінде Головкин Мейвезермен жекпе-жекке шығатыны үшін сынға алып, мұны спорт емес, шоу деп атаған болатын.

    Қатысты Мақалалар