БҰҰ $5,9 млн. ҚХДР-дағы құрғақшылықтан зардап шеккендер үшін бөледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. БҰҰ-ның гуманитарлы мәселелер координациясы жайындағы басқармасы табиғат апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету аясында, Балалар қоры мен Азық-түлік бағдарламасына 2,8 және $2,5 млн қаржы бөлді.
Мәліметтерге сәйкес, ҚХДР осы жылы құрғақшылық салдарынан қатты зардап шеккен. Елдің әртүрлі аумақтарында 16-дан 59%-ға дейін егістік жерлері құртылған. ҚХДР-ға қаржылай көмек беру туралы шешім Корей түбегіндегі әскер қақтығыстардың өршуі де себеп болды.