Егер АҚШ Иранға тағы санкция салса, Тегеран 2015 жылы қол қойған ядролық келісімнен бас тартады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп. Бұл туралы ел президенті Хасан Роухани парламентте сөйлеген сөзінде мәлім етті. Алайда ел басшысы Иранның өз міндеттерін орындауға талпынып отырғанын да атап өтті.
Айта кетейік, Иран АҚШ бастаған алты мемлекетпен ядролық келісімге 2015 жылы қол қойған.
Құжатқа сәйкес Тегеран өзінің ядролық бағдарламасын шектеп, оған халықаралық қауымдастықтың бақылауы орнатылған. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп: «Тегеран бұл міндеттерді бұзды», – деп тамыздың 3-і күні Иранға қайта санкция салу жөніндегі жарлыққа қол қойды.