Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі Астанадағы жаңа ғимаратқа ауысады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Өзбекстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Саидикрам Ниязходжаев бастаған өзбек делегациясы Астанадағы ресми сапары барысында Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулер өткізген.
«Өзбекстан СІМ делегациясының ҚР Сыртық істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаевпен келіссөздер жүргізу барысында Астанадағы Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының құрылысына байланысты өзекті мәселелер талқыланды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, өзбек делегациясы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін аралап, Өзбекстан экспозициясымен танысты.
Пікір қалдыру