Биыл Қазақстан бойынша 2500 адам қажылыққа аттанады

/uploads/thumbnail/20170816113520776_small.jpg

Биыл 410 астаналық Алла алдындағы бес парызының бірі – қажылығын өтеуге аттанады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде оларға «Әлжан ана» мешітінде арнайы дайындық курсы өткізіліп жатыр.

Биыл 410 астаналық 23 тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан тікелей Астана-Джидда бағытында ұшады. Тамыз айының 15-18 аралығында «Әлжан» ана мешітінде қажыларымызды алдын ала дайындау мақсатында арнайы курс ұйымдастырылып жатыр. Онда қажылық парызын өтеген имамдар ұлы сапарға аттанғалы отырған азаматтарға дәріс беріп, толық мағлұмат беретін болады, – деді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, осы жылы Қазақстан бойынша 2500 адам қажылыққа аттанады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар