ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана базарындағы бүлінген қарбызға қатысты түсірілген видеоны зерттеп шықты. Белгілі болғандай, өнімді өсімдік зиянкестері бүлдірген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Осы орайда Қазақстанның барлық облыс орталықтарындағы базарлар карантиндік қадағалауға алынып, қауын шыбынының таралуына жол бермеу шаралары іске асырылуда.
«Бұл карантиндік қауын шыбынына қатысты болып отыр. Көбінесе осы зиянкес бақша дақылдарын бүлдіреді, сонымен қатар ол еліміздің оңтүстік өңірлерінде және Орталық Азияның барлық елдерінде таралған. Өздеріңіз білесіздер, жыл сайын мемлекет тарапынан аталған зиянкеспен күреске тиісті қаржы бөлінеді»,-деді ҚР АШМ Агроөнеркісіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, аталған факті бойынша бұл қатерді жою аясында карантиндік шаралар іске асырылды.
Пікір қалдыру