Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министірлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сұхбатта Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, сонын ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген екі ел көшбасшыларының уағдаластықтардың іске асыру барысын талқылады.
С. Ниязходжаев министрді Өзбекстан елшілігінің Алматыдан Астанаға көшуі жөнінде қабылданған шешім және дипломатиялық өкілдік ғимараты кешенінің құрылысы басталғаны туралы ақпараттандырды.
Тараптар сондай-ақ алдағы түрлі деңгейдегі екіжақты байланыстардың және Орталық Азиядағы халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.