Атырау облысында ауыл әкімдерінің сайлауы қорытындыланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
«Ауыл әкімдерінің сайлауы біздің облыста 44 ауылдық округте өтті. Сайлау - жанама сайлау құқығымен жасырын дауыс беру түрінде өтті. Дауыс беруге қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары қатысты», деп хабарлады Атырау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде. Сұрақтарға жауап бере отырып, Асау Ибрашев сайлауға 48 округ бойынша 135 кандидаттың тіркелгендігін айтты.
Әкімдер сайлауының қорытындысы бойынша, 45 ер азамат пен 3 әйел таңдап алынды. Әкімдердің жастары 35-ке дейін 7 адам, 45-ке дейін 7 адам, 55-ке дейін 14 адам, 63-ке дейін 20 адам. Сайлауға қатысу үшін тіркелген іс басындағы 32 әкімнің 28-і өз лауазымдарына қайта сайланды.