Елорда көрме әлеуеті бойынша астаналардың үздік бестігіне кірді

/uploads/thumbnail/20170816195122850_small.jpg

Ресей елінің R&C көрме ғылыми-зерттеу орталығы ТМД мен ШЫҰ-ға қатысушы мемлекет астаналарының конгресті-көрме әлеуетінің деңгейін көрсететін бірегей халықаралық зерттеу жүргізді деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Әкімдік сайтының хабарлауынша, зерттеу қорытындысының нәтижесінде әлемнің 14 қаласының ішінде халықаралық үздік бестікке Бейжің, Мәскеу, Киев, Нью-Дели және Астана кірген. Одан кейінгі орындарға Бішкек, Ташкент, Душанбе, Минск, Киев, Кишинев, Нью-Дели, Исламабад и Ашхабад сынды астаналар жайғасқан.

«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС бұл рейтингті жасауда көп факторлы сараптама жүргізілгенін анықтап отыр. Бұл әдіс тағайындалған орындарды бағалаудың маңызды факторларын сипаттайтын түрлі көрсеткіштерді біріктіруге негізделген.

Сарапқа салынған көрсеткіштер бес топқа біріктіріледі. Материалды-техникалық база деңгейі қаланың түрлі форматтағы іскерлік шараларды өткізу мүмкіндігін сипаттайды. Өңірді позициялау және алға жылжыту оның іскерлік және сауық шараларын өткізуге ыңғайлы орын ретінде алға жылжыту мүмкіндігін сипаттайды.

Ивент индустриясы бағытындағы таңдау саясаты нарықтың барлық қатысушыларын әкімшілік тұрғыда үйлестіру деңгейімен өлшенеді.

Түрлі деңгейдегі шара ұйымдастырушылар үшін ірі шараларды өткізу тәжірибесі маңызды.  Бұл жерде соңғы үш жылда ірі халықаралық оқиғаларды (спорттық, мәдени, іскерлік, үкіметтік) өткізу тәжірибесі бағаланады.   Өңірдің демалыс аймақтарының мүмкіндігі туристік контентпен өлшенеді.

Айта кетейік, таңдау әлеуетінің оқиғалық рейтингі  - қазіргі уақытта Ресей нарығындағы бірегей жоба. Рейтинг авторы - Ресейдегі  ивент-индустрияның консалтинг және маркетинг қызметінің барлық түрлерін көрсететін бірден бір компания болып саналатын R&C көрме ғылыми-зерттеу орталығы. 

Қатысты Мақалалар