Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) және Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының аумағында ‹‹түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!›› науқанын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Бұл науқан жалпыреспубликалық іс-шара болып табылады. Науқанның негізгі мақсаты - азаматтардың белсенділігін арттыру, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыруға қатысты қоғамдық пікір қалыптастыру, азаматтарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу мәселелері бойынша тұтынушылардың өз мүдделерін қорғауға, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жақсарту болып табылады.
Науқанға қатысушылар - Қазақстан Республикасының тауарды сатып алу, жұмыс және қызмет ұсыну жолымен науқанды ұйымдастырушыларға Wipon мобильдік қосымшасы арқылы түбіртектің суретін науқан кезеңінде өткізгені дәлелденген азаматтары.
Науқан кезінде қатысушыларға Wipon тегін мобильдік қосымшасы үшін iOS (iPhone) және Android жүктеу қол жетімді.
Науқан екі деңгейде өтеді:
Бірінші - облыстық деңгейде және Астана мен Алматы қалаларындағы департаменттер жанындағы мемлекеттік кірістерде;
Екінші - ҚР ҚАРЖЫМИНІ МКК кезінде республикалық деңгейде.
Науқан жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастау алған бұл науқан 30 қарашаға дейін жалғасады.
Гранд-финалы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автокөлік! сарапқа салынады.
‹‹Түбіртекті талап ет – бағалы сыйлық ұтып ал!›› науқанына қатысыңыз.