Террористер Камбрильс қаласында фургонмен жаяу жүргіншілерді басып өткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24 Horas телеарнасына сілтеме жасап.
Шабуылдың нәтижесінде екі адам ауыр жарақаттанған, үш адам жеңіл жарақат алған.
Бұған дейін полиция Камбрильсте теракт болғанын хабарлаған. Бірнеше террористің көзі жойылды. 24 Horas-тың мәліметінше, террористердің төртеуі көз жұмды, бесіншісі жарақат алды.
Бұл Испанияда бір күнде екінші рет орын алған террорлық әрекет. Бұған дейін қаланың орталығында шағын автобусты тізгіндеген ер адам көшедегі адамдарды қаққаны туралы хабар тарады.
ҚР СІМ өкілі Ануар Жайнақов Қазақстандық дипломаттардың жарақат алғандардың арасында еліміздің азаматтары бар жоғын анықтап жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, Испаниядағы қазақстандықтарды қауіпсіздік ережелерін сақтап, қала орталығына бармауға кеңес берді.