Францияның президенті Эммануэль Макрон Испания астанасында орын алған терактқа байланысты көңіл айтты. Қайғылы оқиғаның құрбандарын еске алу мақсатында Эйфель мұнарасының жарығы сөндірілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі NBC телеарнасының мәліметне сүйеніп.
«Менің бар ойым Барселонадағы теракт құрбандарында болып отыр. Біз сіздермен біргеміз. Барселонаға тілектеспіз» деп жазды өзінің Twitter парақшасында Эммануэль Макрон.
Айта кетсек, 17 тамыз күні кешке Барселонада теракт болды. Нәтижесінде 13 адам көз жұмды. Тағы 100 адам жараланды.