Павлодарда жантүршігерлік жол апаты: екі қыз трамвайдың астында қалды

/uploads/thumbnail/20170907110742969_small.png

Павлодар қаласында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі оқушы қыз трамвайдың астында қалып, салдарынан біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі өңірлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жайында жергілікті агенттікке оқиға куәгерлері хабар берген. Жантүршігерлік жол апатының суреттері инстаграм желісіндегі @tipavlo парақшасында жарияланды.

«Оқиға бүгін таңғы 7:43 шамасында орын алған. 2007 және 2009 жылғы екі қызды Ломов пен Катаев көшесіндегі қиылыста трамвай басып кеткен. Өкінішке орай, қыздардың біреуі оқиға орнында қаза тапты, ал екіншісі қазіргі уақытта ауруханада реанимация бөлімінде жатыр. Жағдайы тым ауыр», - дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Оразалин.

Павлодар трамвай басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, трамвай алюмин зауытына қарай кетіп бара жатқан. Рөлде жүргізушілік тәжірибесі 5 жыл болған 1987 жылғы қыз отырыпты.

Қатысты Мақалалар