Тәжік мемлекеттік сауда университетінің басшылығы белсенді студент қыздардың той шығынын өздері көтеретінін мәлімдеді.
Университет ректоры Хамидуллохон Факеровтың айтуынша, студенттер сабақ үстінде тұрмысқа шығу жайында емес, білім алу жайына көп көңіл бөлу керек.
«Олар біздің балаларымыз. Сабақ үстінде қыздарымыз тұрмысқа шықсам деп емес, білім алсам деп ойлау керек. Сол себепті, өз курстасына тұрмысқа шыққан қыздардың той шығынын өз мойнымызға алдық», - деді ректор.
Сондай-ақ, Факеров университеттегі 5 мың-ға жуық студенттің 15%-ы ғана қыздар екенін айтты.