Сирия бойынша Астанадағы келіссөзге қаруланған оппозиция өкілдері қатысады

/uploads/thumbnail/20170912102912475_small.jpg

Сирия мәселесіне қатысты Астанада өтетін алтыншы келіссөзге Сириядағы қарулы оппозиция өкілдері белсенді түрде қатысады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

«Қазақстандағы елшіліктерге Сирияның қарулы оппозиция өкілдері ресми түрде келіссөздерге қатысу үшін виза беруге өтініш жасады. Демек, сириялық қарулы оппозиция өкілдері бұл жолғы келіссөздерге де белсенді түрде қатысады», - дейді Қайрат Әбдірахманов.

Оның айтуынша, бұл келіссөздерге Оңтүстік фронтты таныстыратын бір топ және де Астанадағы келіссөздерге басынан бастап қатысып келе жатқан өзге топтар да қатысады.

Қатысты Мақалалар