Алдағы күндері еліміздің біраз бөлігіне жауын-шашын түсіп, күн күрт суытадыдеп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
Солтүстік өңірлерде сынап бағанасы 0 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған орай синоптиктер дабылды ескерту жариялап отыр. Әсіресе Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлерінде күздің қоңыр салқыны анық байқалады. Толассыз жауынмен қатар, желдің екіпіні де күшейеді. Яғни секундына 15-20 метрге дейін жетсе, кей жерде 23-28 метр болады.
12-13 қыркүйекте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Орталық, Солтүстік және Шығыста жаңбыр күтіледі. Ал түнгі уақыттарда жаңбырдың қарға ұласуы болады. Сонымен қатар Орталық, Солтүстік және Шығыста үсіктің болуы күтіледі. Яғни 0-3 градусқа дейін төмен болады.