«Ирма» дауылы қауіпті деңгейден орташа деңгейге дейін түсті. Алайда дауыл соңы ұзақ жауын-шашынға ұласты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.
Флориданың оңтүстік-батысына 10 қыркүйек күні келіп жеткен «Ирма» дауылының қауіп деңгейі 3-тен 2-ге дейін, одан кейін 2-ден 1-ге дейін төмендеген.
Стихия көрші штаттар Алабама, Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролинаны зақымдады.