Қазақстан Ресейден он екі Су-30СМ ұшағын алады

    Aknur Mukhtarkhan
    Қазақстан Ресейден он екі Су-30СМ ұшағын алады

    Ресей мен Қазақстан он екі Су-30СМ ұшағын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Риа Новисти-ге сілтеме жасай отырып.

    Бұл туралы  Ресей президентінің әскери-технологиялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі көмекшісі Владимир Кожин мәлім етті.

    «Иә, «Армия-2017» халықаралық әскери-техникалық форумында осындай шекті келісім жасалды. Келісімнің шарттарына сәйкес, оның бірінші жеткізген сәтінен бастап үш жыл бойы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», - деді Кожин сұраққа жауап бере отырып.

    Келісім 2013 жылы «Иркут» корпорациясы мен «Казспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы тікелей өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылған.

    4+ буынды аса оңтайлы Су-30СМ жойғышы фазаланған антендік торы бар радиолокатормен, басқарылатын тартқыш векторы бар қозғалтқышпен және алдыңғы көлденең қысқа басқару қанатымен жабдықталған. 



    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025