Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазір ресми Вашингтонның берешегі 20 триллион долларды құрайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Ал бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп қарыз шегін уақытша көтеру туралы заң қабылдаған еді.
2 қыркүйекте Standard & Poors халықаралық агенттігі қарыз шегі көтерілмесе, АҚШ-тың жағдайы мүшкіл екенін ескерткен. Айта кетейік, 2008 жылы Лехман Бразерс инвестициялық банкінің банкротқа ұшырауы қаржы дағдарысына әкелді.
Пікір қалдыру