Америкалық кәсіпкер Астанаға көшіп келуді армандайды

/uploads/thumbnail/20170913093214532_small.jpg

Америкада кәсібін дөңгелетіп отырған ауқатты азамат Қазақстанның бас қаласында тұруды армандайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Манхэттендегі Рокфеллер орталығындағы кеңсе, сәулетті үй, дәулетті өмір. Бірақ  Дэвид Валера үшін мұның ешқайсысы Астанадағы жағымды ахуалды алмастыра алмайды.

Ол ЭКСПО көрмесі кезінде елімізде екі ай болып, әбден бауыр басқанға ұқсайды. АҚШ-қа оралғанымен, қазақ даласын жадынан шығара алар емес. Күн сайын Астанаға қайта баруды армандайды. Тіпті Қазақстанның өркендеуіне қаржы салуға ниетті. Оның ішінде отандық медицинаны дамытуға арналған бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспары да бар. Осылайша қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға үлесімді қосқым келеді дейді америкалық бизнесмен.

«Бұған дейін Астанада болғанмын. Бірақ осы жолғы сезім мүлде бөлек. Жаңа әуежай, ондағы түрлі тілде сайраған жастар. Барлығы өте жоғары деңгейде. Полиция қызметкерлері де жылы шырай танытып, көмек беруге әрдайым дайын екенін көрсетті. Ал ЭКСПО-ға келгенде Қазақстанның павльоны ең үздігі еді. Шыныдан жасалған шар көрменің «Болашақтың энергиясы» деген тақырыбын аша түскендей болды. Алған әсмерімді бірден әлеуметтік желіде жарияладым», - дейді америкалық кәсіпкер Дэвид М.Валера. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар