Қазақстанда ақпараттық технологияға (IT) негізделген жоғарғы оқу орнын құру туралы ұсыныс тасталды.
Цифрлы экономика мамандарын дайындау мен олардың біліктілігін жетілдіру жөніндегі ҚР Үкімет отырысында Ерлан Сағадиев Астанада ақпараттық технологияға (IT)негізделген жоғарғы оқу орнын құру жөнінде ұсынысын айтты,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.
«Гранттарды көбейтеміз және бағдарламаларды жаңартамыз. Астанада мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-мен серіктес болатын үлкен IT жоғарғы оқу орнын ашуымыз керек»– деді ол.
Тек IT жоғарғы оқу орны ғана емес жаңа педагогикалық және медициналық оқу орнын ашу керек.
«Бізге педагогикалық және медициналық оқу орындары қажет. Астанада жоғарғы оқу орындары және IT мамандары жеткіліксіз. Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Асқарбекұлының тапсырмасы бар, оны біз жүйелі түрде орындап келеміз»,-деді министр.
Сағадиевтың айтуынша, IT оқу орнын IT-хабтардың орнына қолдануға болар еді. Бұл IT мамандарды қайтадан Қазақстанға қайтару үшін іске асырылуы керек.