«Асыл арна» бір күндік жалақысын қайырымдылыққа аударды

/uploads/thumbnail/20171010184006353_small.jpg

«Асыл арна» телерадиокомпаниясының қызметкерлері бір күндік жалақысын «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорына» аударды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры — бұл Қазақстандағы түрлі әлеуметтік жобаларды қолдаумен айналысатын ұйым. Оның қызметі дәстүрлі құндылықтар мен рухани шараларды қолдауға, әлеуметтік жобаларды, білім беру бағытындағы тәрбиелік іс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ, дін қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыруға және діни институттардың жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, қорға түскен қаражат көмекке зәру, мейірімге мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуге жұмсалады.

Асыл арна Уақып қоры

Сондықтан «Асыл арна» телеарнасының ұжымы да осы игі іске алғашқылардың бірі болып ат салысуға ниет білдіріп, бір күндік жалақысын аударды. «Асыл арна» телерадиокомпаниясының басшысы Мұхамеджан Тазабек мырзаның айтуы бойынша, бұл игі іске, бір жағынан, Азаматтық қоғам және дін істері министрі Нұрлан Ермекбаев мырзаның да амалы түрткі болған. Арна басшысы әртүрлі әлеуметтік жобалардың іске асуына жағдай жасайтын мұндай мүмкіндікке ешкімнің бей-жай қарамайтынын айта келе, мемлекет мүддесін көздеген игі бастамаға қолдау көрсету — әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Қатысты Мақалалар