Айгүл Ісмақова жаңа латын әліпбиі жайында: Бұл өзгерісті толық қолдаймын

/uploads/thumbnail/20170929154350102_small.jpg

Әліпбидің жаңа жобасында әлі де ойланатын, сарапқа салып, тәжірибеден өткізіп барып қолданысқа енгізетін тұстар бар. Бұл туралы профессор, филология ғылымдарының докторы Айгүл Серікқызы Ісмақова айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Елбасымен кездескен ғалымдар А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының дайындаған жобасын ұсынды. Бұдан бұрын ұсынған 25 әріптен тұратын 3 таңбалы әліпби қиындау болып келсе, кешегі ұсынған нұсқа ең қолайлы және көпшіліктің ойынан шығады. Ғалым ретінде бұл өзгерісті толығымен қолдаймын», - деді Айгүл Ісмақова.

Сондай-ақ, профессор қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет екенін ескерді.

Айта кетейік, 9 қазанда Мемлекет басшысына қазақ тілінің латын қарпіне негізделген жаңа жобасы таныстырылды.

Сонымен қатар, халқымыздың латын алфавитін еш қиындықсыз игеріп кетуі күмәнсіз. Бұл туралы «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанұлы Алшанов мәлімдеді.

«Кешегі жиында Елбасымыз айтқандай латын қарпіне көшуге байланысты халықтан 300 ден астам ұсыныс келіп түсті. Күрделі мәселе болғандықтан халықтың пікірін білу маңызды. Біраз нәрсе ескерілді, жұмыс жалғасып келеді», - деді Алшанов.

Сондай-ақ жаңа жобаға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың бағытына оң баға берді.

«Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары өте дұрыс деп есептеймін. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маңызды.

Сонымен қатар, Елбасымыз айтқандай қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейтіндігі және орыс тілінің бұрынғыдай қызмет атқара беретіні жайында пікірімен толықтай келісемін. Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Мысалы, 8 ғасыр бойы қазақ халқы араб алфавитін жүргізді, одан кейін 10 жылдан астам латын алфавитін пайдаланды. Осы ретте, халқымыздың латын алфавитін еш қиындықсыз игеріп кетуіне күмән жоқ».

Айта кетейік, 9 қазанда Елбасына қазақ тілінің латын қарпіне негізделген жаңа жобасы таныстрылды.

9 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақ тілінің латын қарпіне негізделген жаңа жобасы таныстырылған. Аталмыш жоба қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстар негізінде жасалған. Жаңа жобаға сәйкес халық арасында қызу талқы басталды, қоғам белсенділері де өз пікірлерімен бөлісті.  

Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, кино және театр актері Досқан Қалиұлы қоғам арасында ешқандай ши шығармай, бірігіп біртұтас шешілетін мәселе екенін айтады.

«Біздің келешегіміз осыған да байланысты болып келеді. 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу да осыған байланысты. Латын әліпбиіне өту әлемдік инновацияларды жедел игеруге, келешегімізге нық басып, технология мен коммуникацияны меңгеруде мүмкіндік беретін құрал. Сонымен қатар кең сөйлеуге, ағылшын тілін және медицина саласын меңгеру үшін жол ашатын мемлекеттік маңызды шаруа. Бір сөзбен атап айтқанда, бұл ғажап дүние. Бұдан айырылып қалмау керек. Ортамызда ши шығармай, бәріміз біртұтас бірігіп шешілетін мәселе. Келешек ұрпақ үшін, саясатымыз үшін маңызы бар өзгеріс».

Қатысты Мақалалар