Гоголь мен Төлебаев көшелерінің қиылысында төтенше жағдай орын алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Индира Хаметчина есімді Facebook қолданушысы өз парақшасына жазды. Оның айтуынша, Алматы қаласы Гоголь мен Төлебаев көшелерінің қиылысында жарылыс болды. Соның салдарынан құрылыс жұмыстарын істеп жатқан ер адамды тоқ ұрған.

«Құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда мен және балаларымнан бір метр қашықтықта жарылыс болды. Есеңгіреп қалдық. Біз аманбыз. Абырой болғанда, жақын жерде жедел жәрдем өтіп бара жатқан. Ер адамның жағдайы жақсы болады деген үміттенемін» деп жазады Индира Хаметчина.
