Қазақстан қор биржасындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында АҚШ доллары 334,22 теңгені құрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kapital.kz-ке сілтеме жасай отырып.
11 қазандағы сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 1,65 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 334 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 334,7 теңгені көрсеткен.
Сауда көлемі 97 млн 550 мың доллар болды. Сәрсенбі күні доллардың бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 335,87 теңге, күндізгі сессияда 335,27 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 335,54 теңге болған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 273,3 млн долларды құраған болатын.
Астана қаласының айырбастау мекемелерінде сағат 11.00-де американдық валютаның ең көп сатылатын бағамы - 338 теңге,ал Алматы - 337,9 теңге болды.
Пікір қалдыру