Сағынтаев Вьетнам ұлттық жиналысының төрайымымен кездесті

/uploads/thumbnail/20171012190359143_small.jpg

17 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Вьетнам ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нган ханыммен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты әсіресе ауыл шаруашылығы, минералды ресурстар және көлік саласында одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, туристік салада өзара іс-қимыл жасасу келешегі қаралды.  

Сағынтаев

Биыл Қазақстан мен Вьетнамның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толды. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 364,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 79,4%-ға жоғары көрсеткіш.

ҚР-дан Вьетнамға экспорт көлемі 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 125,2%-ға өсіп, 192,9 млн АҚШ долларын құрады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар