Кириллицадан бас тарту арқылы кейбір елдер Еуропаға жақындауды ойласа, кейбірі Украинадан айырылып қалуға қорқып отыр. Осы тұрғыда шетелдік InoZpress басылымының тілшісі өз пайымын жазды.
Қазақстан басшысы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын енгізіп жатқанда, Украинаға да дәл осындай ой келе қалды.
Сарапшылардың тең жартысы украин тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдап отыр. Олар латынға көшу процесі арқылы Украинаның Еуропаға бір табан жақындайтынына нық сенімді. Әлеуметтік желіде Украина халқының «Латынға көшемін» деген жазулары жиілеп кетті.
Львов суретшісі Влодко Костырко латынға көшу жайында бірнеше пікір қалдырды. Аталмыш идеяны қолдайтындардың қатарында жаңа сөздер қатарын толықтырған жазушы Андрей Любка да бар.
«Қазірде еуропалық бірігу үрдісі жүріп жатыр. Бұл латын тілінде болатын құжаттарды өңдеу мәселесіне тікелей байланысты. Мәселен, менің есімімді поляк тілінде атау қиынға соғады. Бүгінгі латынша жазу үлгісінің бұрмаланғаны соншалық, менің есімімді поляк тілінен украин тілінен аударған уақытта «Андрій» емес, «Андріі» болып оқылады. Яғни, өзімнің құжаттар өзіме тиесілі болмай шығады. Латын әліпбиін меңгеру мен оның Украинға сәйкестігі бұл мәселені шешер еді», - деді Любка латындану мәселесіне орай өткен пікірталаста.
«Кириллица бізді Еуропадан алшақтатып, Ресейге жақындатады», - дейді Львов университетінің профессоры Валерий Корнийчук. Алайда, латынға көшудің өте ұзақ, әрі көп қаржыны талап ететін процесс екенін айтты.
Украинада латынға көшуге қарсы тарап та бар. Олардың ойынша, мұндай процесс мәтінді теру кезінде қиындықтарға әкелуі мүмкін. Себебі, жаңа бағдарлама енгізіп, жаңа пернетақталар орнатуға тура келеді. Ал жақтаушылар мұның еш қиындығы жоқ екенін қайталаудан жалықпайды. Олар латын әліпбиіне сәйкес болатын бағдарламалардың көп екенін ескерді.
Яғни, латынға көшу турасында украиналықтардың ойы екіге бөлінді. «Украина халқы атам заманнан кириллицаны қолданып келеді. Ең алғашқы кітап та кириллицамен жазылған. Бұл саясат Украинаның одан сайын бөлінуіне әкеліп соғуы мүмкін», - дейді Богдан Хомич.
Ал экс-депутат Владимир Яворивский аталмыш процеске әлі ерте екенін айтады: «Украина халқы түгелдей украин тілінде сөйлеуі керек. Мықты мемлекетке айналу қажет. Ресеймен арадағы қиындықтар шешілген уақытта ғана, латынға көшу мәселесін қолға алуға болады».
Пікір қалдыру