Бір айда Қырғызстан тасымалдаушылары ҚР заңнамасын неше рет бұзған?

/uploads/thumbnail/20171024162618238_small.jpg

Бір айға жуық уақытта Қырғызстан тасымалдаушылары Қазақстан Республикасы заңнамасын 360 рет бұзған. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Биыл қазан айының 10-ы мен 30-ы аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің өкілдері Қырғыз Республикасы тасымалдаушылары тарапынан жасалған 360 заң бұзушылықты анықтады. Есептік кезеңде Қырғыз Республикасының 3054 автокөлік құралы тексерілді.

Тексерістердің нәтижесінде тасымалдаушыларға жалпы сомасы 11,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ең жиі кездесетін заң бұзушылық тез бүлінетін жүктерді тасымалдау сертификатының болмауы.  Мұндай заң бұзушылықтың үлесінде 151 дерек  бар немесе 40 %-ды құрайды. 

Сондай-ақ, тауар-көлік жүк құжатының (CMR) болмағаны үшін тасымалдаушыларға 103 рет айыппұл салынды; салмақ және габарит параметрлерін сақтамағаны үшін 69 рет; жолаушыларды тұрақсыз тасымалдауға арналған  қазақстандық рұқсат бланкілерінің болмағаны үшін 13 рет; каботажды тасымал жасағаны үшін –11 рет; жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 6 рет; қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 5 рет және тағы басқа да айыппұлдар салынды.   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар