«Алтын қалам» байқауы алтыншы рет өткізіліп отыр

/uploads/thumbnail/20171031111137065_small.jpg

Алтыншы рет өткізіліп отырған «Алтын қалам» байқауына 590 автордан 1076 шығарма келіп түскен. Шығармалардың тең жартысы қазақ, жартысы орыс тілінде жазылған. Арнайы 1 000 000 теңгелік ақшалай жүлдені Есенқұл Маманов атындағы премияның иегері, «Алашорданың 100 жылдығына» арналған тақырыптық шығармада топ жарған қаламгер және ең мықты балалар мен жасөспірімдерге арналған «Дарабоз» әдеби шығарма авторы иеленді.

Конкурстың соңғы қысқа тізіміне әрбір жанр бойынша бес шығармадан енгізілді. Жеңімпаздарды марапаттау шарасы 30 қазанда Rixos Almaty қонақүйінде өтті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

qamshy.kz

«Биылғы жүлде біз үшін ерекше болды. Олай дейтін себебіміз, «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алашордаға 100 жыл» аталымы жарияланды. Сатира жанры биылдан бастап жазушы, сатирик, аудармашы Есенжол Домбай атындағы «Жылдың үздік сатирасы» болып өзгертілді. Сонымен қатар, бұған дейін 11 рет өткізілген балалар жазушыларына арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауы биыл бірінші рет «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында өтті. «Бұл балалар шығармасына қамтыған туындылардың санын ғана емес, сапасының да артуына септігін тигізді. Біздің akalam.kz сайты арқылы әрбір шығарма өз оқырманын тапты деп ойлаймыз»,-деді «Алтын қалам» әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің директоры Кенже Жұманұлы.   

Осы жылы ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Әйгерім Райықұлова, Бекнур Қисықов, Татьяна Филипчик және басқалар енді.  

«Алтын қалам 2017» байқауына тек Қазақстан ғана емес, АҚШ, Германия, Украина, Ресей, Израиль және Белорусия елінде тұратын авторлар да қатысты.

Байқауға жұмыстар ақпанның 15 мен қыркүйектің 15 аралығында қабылданып, оқырмандар ғаламтор арқылы қазан айына дейін дауыс берген.

Бас жүлде 1 млн теңгені тарихшы – жазушы астаналық Әміржан Әлпейісов иеленді. Балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және 1 млн теңгені жазушы қарағандылық Төкен Әлжантегі жеңіп алды.

Төкен Әлжантегі марапатын ала тұрып, сөз сөйледі, ол: «Белинскийдің сөзі бар ғой, «Әбден азғындағанда адам әдебиетке қайтып келеді» дейді. Біз қазір қандай заманда өмір сүріп отырғанымызды өзіміз де білмей қалдық. Ал енді осындай жағдайда адамның бетін жақсылыққа, игілікке, жасампаздыққа қарай бұру ол мына әдебиетшілердің, сол сияқты әдебиетті қолдаушылардың үлкен бір абыройлы міндеті деп есептеу керек»,- деді. Ол «Алтын қалам» болашағының жарқын екендігіне сенетіндігін айтты.

«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» номинациясы бойынша, жеңімпазды марапаттауға талантты жазушы Тұрысбек Сәукетаев келді. Ол: «Былтыр өзіміз марапатталып едік, бүгін осы бақытқа кенелетін келесі адамның қуанышына куә болып отырмыз. Біз сияқты мосқал адамдар емес, әдебиетке жастардың келуі қуанышты жайт. Фантастика жанры қазақ әдебиетінде кешеуілдеп, кенжелеп жатқан жанр. Осыған біздің жастарымыздың, қаламдастарымыздың үлес қосып жатқаны бізді қуантады. Қазір ол заман талабы, оқырмандар бүгінде фантастикаға ден қойған. Қазір ғылымның техниканың дәуірлеген заманы, сондықтан да осы жанрдың дамып, әдебиетте көрініс табуы біз үшін қуаныш»,- деді.

Марапаттау аяқталысымен, Төкен Әлжантегінен сайыстан жеңіп алған шығармасының ерекшелігін сұраған болатынбыз. Ол: «Мен «Жайлау қызықтары» деген кішігірім үш әңгімені жаздым, онда біріншіден, бала психологиясы, екіншіден дала психологиясы, үшінші, қазақи психология бар. Баланы қазақилыққа тәрбиелеуге негізделген үш әңгіме: алғашқысы «Мысық пен жылан», екіншісі – «Ақ лақ ақымақ па?» және үшіншісі - «Тоқымқағар», бұл соңғысы, бастапқы екі әңгімені қорытындылайды. Шығарманың жеңімпаз болуына себеп, біздің ұлттық менталитеттің, сана-сезімнің онда айқын көрініс табуы деп білемін. Балаларды өз ұлтымызға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталуы болғандығынан»,- деп түсіндірді ол.

Оқырмандардың қолдауы және қазылардың таңдауы бойынша әр аталым бойынша Номинация жеңімпаздардың аты аталып, марапатталды, олар:

«Жылдың үздік поэзиясы» номинациясы бойынша - Нұржан Нұрбек, Алматы

«Жылдың үздік прозасы» - Қарғабай Мақсат, Оңтүстік Қазақстан облысы

«Жылдың үздік кино сценарийі және драматургиясы» - Айдаров Жомарт, Шымкент

«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті «Дарабоз» - Әлжантегі Төкен, Қарағанды

«Жылдың үздік сатирасы» - Ералхан Жылқайдарұлы, Ленгер           

«Алашордаға 100 жыл!» - Әлпейісов Әміржан, Астана

«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» - Бекболат Оралбек, Кентау

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» - Шерхан Мұртаза

«Лучшая поэзия года» - Абильдин Дастан, Кокшетау

«Лучшая проза года» - Кенесова Гаухар, Алматы 

«Лучшая детская и подростковая литература года «Дарабоз» - Муфтахутдинова Диляра, Кокшетау

«Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай» - Суслова Александра, Костанай

 «Лучшая фантастика и детективы года» - Воронкова Ольга, Семей

«Лучший кино сценарий и драматургия года» - Санжар Нурлан и Рамазанова Бану, Алматы

«Лучший зарубежный автор года» - Шаблинский Владимир, Беларусь

«100-летие Алаш Орды» - Муфтахутдинова Диляра, Кокшетау

Атап өтерлігі, «Алтын қалам 2017» байқауына көптеген ұйымдар қолдау көрсетті, олар: «Жерсу» инвестициялық корпорациясы, «Русское радио», «Казком» банкі, «Қазақстан баспасөз орталығы» КТК, 31 телеарна, «Меломан» сауда желісі, «Айқын», «Жас алаш» басылымдары және «Аруна» баспасы.   

Қорытындылай келе, сайысқа түскен барлық шығарма www.akalam.kz ресми сайтына орналастырылатынын ескертеміз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар