Елордада қала тұрғындарына латын әліпбиіне өтудің тиімділігі түсіндірілді

/uploads/thumbnail/20171030182222417_small.jpg

Астанада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұстаздар мен студенттерге латын ғарпіне өтудің тиімділігі түсіндірілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме беріп.

Астана қаласы ішкі саясат басқармасынның қолдауымен Елбасынның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру негізінде «Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтудің даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

«Латын графикасына өту заман талабы. Көпшілік осы мәселені талқылап, ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жүзеге асыруымыз керек. Бірақ ол қазақ тілінің ішкі табиғатына, қазақ тілінің әуезділігіне, ерекшелігіне зиянын тигізбеуі керек. Және де асығып, аптығатын іс емес. Елбасы айтқандай қоғамның талқысына салып, жұртшылықпен ақылдаса отырып жасалып отырған іс. Ең бастысы латын графикасы мемлекеттік тіл мен қазақ тілі деген ұғымдарды тенестіріп, бірдейлікке өтуге негіз болуы керек», - деп атап өтті Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел.

Шара мақсаты Елбасы мақаласынның негізгі тұжырымдары бойынша халық арасында уақытылы және кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуінің даму болашағы және жаңа графикадағы бірыңғай қалып үлгісін таныстыру.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар