Атыраулық браконьерлер ірі сомадағы  салықтан неге қорықпайды?

/uploads/thumbnail/20171109114759211_small.jpg

Атыраулық балықшылар тіпті ірі  сомадағы салық салынса да, заңсыз балық аулаудан тайынар емес. Өйткені олар күзетшілерге пара беріп, салынған салық сомасын еш қиындықсыз өндіріп алады,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Караванға сүйене отырып жазады.

«Оларды ештеме тоқтата алмайды, тіпті балық аулауға кеткен шығын да кедергі болар емес. Мәселен теңізге шығу үшін балықшыға орта есеппен 50 мың АҚШ долларын төлеу керек»

Ал бір шығып аулаған браконьерлік ауға түскен балық сомасы 3 балық күзетшісінің 3 айда алатын жалақысына тең. Сонда олар айына 65 мыңнан 95 мыңға дейін ғана айлық алады.

Әрине осындай жағдайда күзетшілер әділ және өз қызметін таза орындай алмайтыны жасырын емес»,- дейді Атырау облысы, табиғи ресурстар жөніндегі аумақтық инспекциясының бас  маманы Олег Тушканов.

Қатысты Мақалалар